з а т. э т н. Сағынысқан адамдардың бір-біріне жіберілген бұйымы, асыл заты немесе жеңсік тағамы, қысқы сыбағасы, беріп жіберілетін аманат нәрсе. Хош айтысып шығып бара жатыр едім, ол жездесінің үйіне соғып, шешесіне арнаған с ә л е м д е м е с і н ала кетуді өтінді (Ж.Өмірбеков, Қызыл су). Замандас екеуіңізге жіберген бұл с ә л е м д е м е м д і қомсынбай ала тұрыңыздар (С.Жүнісов, Өшп. іздер). Сонау алыстағы елден әкелген с ә л е м д е м е м і з, жөні түзу сәлеміміз ақсақалдың жанына батқан жарасына мың да бір дару болған секілденді (Ә.Шәріпов, Алыс.). «Жылдам барып, сөйлесіп, тез қайт» - деген, Ініме с ә л е м д е м е г е не бересіз? (Қозы Көрпеш.).