з а т. 1. Әдемі, жарасымды өң беріп, жайнатып жіберетін көрік, ұнасым, келісім, жарасым. Сәлімдердің оқитын класына кіргенде Ақық әжей кең, жарық бөлменің ішкі с ә н і н е сүйсіне қарады (Н.Ғабдуллин, Сар. жапырақ). Сапырған сарыжайлауда сары қымыз, Сауға с ә н, ауыруға дәрі қымыз, Салтанат сауық құрып сайрандайық Сөнгенше бұл өмірден жарығымыз (Қара өлең). Алтын кемер белге с ә н, асыл жиһаз елге с ә н (Мақал) 2. Қоғамдық ортада белгілі бір кезеңдегі әдеміліктің көрінісі ретінде қалыптасқан дағды мен талғамның жиынтығы. Түсі Абайға ұқсаған, с ә н м е н киінген ақсұр сұлу келіншек жастықтар әкеп қойды (М.Әуезов, Абай жолы). Ауыл бозбалаларының жаздыгүні қисық жаға көйлектің сыртынан шашақты сарғыш жібек белбеу буынып жүруі с ә н болатын ол кезде (Б.Соқпақбаев, Балалық.). Бұл етікті өте жұмсақ былғарыдан әшекейлеп тігілетіндіктен шығыс әйелдері с ә н г е киетін (С.Бегалин, Шоқан асу.). Торықпа, Құрдасым- ау, жасың жетпей, Қорықпа бір жігітке ғасыр көптей. Ақ шашты серіге с ә н мода дейді, Мойыма жүректегі асыр кетпей (К.Салықов, Жезкиік). 3. Әдемілік, көркемдік, сәулеттілік. Бозбалалық - Қыз қарадық, Қалжың, әзіл сөйлестік. Ат жараттық, с ә н тараттық. Әуейілік, күйлестік (Абай, Тол. жин.). 4. ө н е р. <франц. mode> Киімге, үй жасауына және т.б. қатысты белгілі бір ортада, белгілі бір уақыт кезеңінде қайсыбір талғамның үстем болуы. С ә н киім кию, шаш қою, үй жасауы стилімен ғана шектелмей, өмірдің өнер, әдебиет, техникалық өндіріс секілді көптеген салаларын қамтып, ауқымы анағұрлым кеңейетін жағдайлар жиі болады (Қаз. тілі термин. Педагогика.). С ә н тұлғаның белгілі бір топқа ену әдісі, осы арқылы ол, әсіресе, жастар топтың қарекетіне жедел ортақтасады (Қаз. тілі термин. Педагогика.). 5. а у ы с. Биік мән, зор мағына, ерекше қадір-қасиет. «Жиһан деген не нәрсе? - Алақанның ауданы!» Бір ауданға көп Тәңірі Болудың тіпті жоқ с ә н і (М.Жұмабаев, Шығ.). Ал, қазақ, малың да көп, с ә н і ң де көп, Осынша болдық екен неге еріншек? Қомсынып қорлайды-ау басқа халық, Өстір ме едік өнерді көп үйренсек? (Ә.Найманбаев, Шығ.). Істес болдың жасыңнан Жоқпенен де, бармен де. Ояз болып, би болып, Топты жардың с ә н м е н де (Бақтыбай ақын, Жел қобыз). 6. а у ы с. Жай таптырар көңіл хошы, рақат. Сарыағашта - сары күз, Кемпіршуақ с ә н і м і з. Көп сарғайтпай кездесті Сары тоқаш - сары қыз (К.Салықов, Жезкиік.). Бір бидай - әнім, Жоқ сенсіз с ә н і м (Халық әндері). 7. а у ы с. ж а ғ ы м с ы з. Сиқы, тұрқы. Алды-алдына кетеді, Қосылмайды әндері, Құлағынан өтеді, Құр айғай салған с ә н д е р і (Абай, Тол. жин.).