lat: SÁT
(ар. сағат ساعة)
1. Уақыт өлшемі.
2. Уақытты көрсететін құрал.
3. Мезгіл, уақыт, кез.
Сол сәтте жебірейіл жетті жедел, Жүсіпке көрік берген пәруардігер («Жүсіп-Зылиха». Ғашықнаме, 1976).
Әпсәт , ә п-әпсет (арабша әл сағат ) – лезде, сол мезетте.
Басында қызыл шарқат, ақтан көйлек, Әп-әпсет сенің, қалқам, басылуың («Шәңгерей Бөкеев». Бес ғасыр жырлайды. ІІІ том. 1985).