с ы н. Діттегідей, ойдағыдай емес. Тәңірберген кешегі с ә т с і з жорықтан кейін жұрт көзіне түсе бермейтін (Ә.Нұрпейісов, Сергелдең). Бірақ мастығы тарағанмен, тыстағы с ә т с і з серуен есінен кетпей, киіз үй ішінде Измайлов ұзақ сенделіп жүрді (С.Жүнісов, Ақан сері). Екі күннен бері әуре боп соңына түскен ісі ақыры с ә т с і з аяқталды (Қ.Жұмаділов, Көкейкесті).