СӨЙЛЕУ

lat: SÓILEÝ

Сөйле етістігінің қимыл атауы; адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. С ө й л е у анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен адамның психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне сүйенеді (ҚҰЭ). Еңбек процесі адамның жан-жүйесіне әсер етіп, алғашқы кезде ыммен, кейіннен жекееке сөздерді айтуға, с ө й л е у г е үйретті (Н.Баяндин, Ғасырлар қойнауы.). Арман мен сенім бір тілде С ө й л е у г е әсте құмар-ау. ...Біз жүрген сайды бұл күнде Қар басып жатқан шығар-ау (М. Шаханов, Ғасырлар.). С ө й л е у тәжірибесінде, әсіресе, көркем әдебиетте сөздер тек бір нәрсені (затты, сынды, қимылды) атап қана қою қызметін атқармайды, айналасындағы басқа сөздерге де қызмет етеді (Р.Сыздық, Ғылыми таным.).