СӨЙЛЕУ

lat: SÓILEÝ

Адамдардың материалдық өзгертуші іс-әрекеті процесінде тарихи тұрғыда қалыптасқан тіл арқылы болатын қарым-қатынас нысаны. Сөйлеу қарым-катынас мақсаты үшін не (жеке жағдайда) өз іс-әрекетін реттеу және бақылау мақсаты үшін (іштей сөйлеу. Эгоцентрлік сөйлеу) хабарламаларды туындату және қабылдау процестерін қамтиды. Психология үшін, ең алдымен, адамның жоғарғы психикалык функциялары жүйесіндегі орны, оның ойлаумен, санамен, жадпен, эмоциялармен байланысы назар аудартады; бұл орайда, оның тұлғаның және іс-әрекеттің құрылымын бейнелейтін ерекшеліктері ерекше маңызды. Сөйлеу іс- әрекеттің тұтас актісі (егер оның іс-әрекеттің, басқа түрлерімен жүзеге аспайтыңдай арнайы мотивациясы болса) немесе сөйлеушілік емес қарекетке қамтылған сөздік қимылдар түріндегі көрінетін сөйлеу қызметі деп қарастырылады. Сөйлеу қарекетінің не сөздік қимылдың құрылымы принципінде кез келген әрекеттің қүрылымымен үйлеседі, яғни бағдарлану, жоспарлану (іштей бағдарламалану нысанында), жүзеге асу және бақылану сатыларын қамтиды. Сөйлеу әр жолы жаңадан құралатын белсенді және динамикалық сөздік стереотипгер тізбегі болып табылатын реактивті болуы мүмкін. Ішкі себептерден ауызша Сөйлеу кезінде онда пайдаланылатын тілдік құралдарды ұғынықты іріктеу мен бағамдау өте аз болады, ал жазбаша сөйлеуде және дайындалып ауызша сөйлеуде ол елеулі орын алады. Сөйлеудің түрлері мен нысандары арнайы зандылықтар бойынша құрылады (мыс., ауызша сөйлесуде тілдің грамматикалық жүйесінде едәуір ауытқулар болады, логикалық ойдан да гөрі көркемдік сөз ерекше орын алады). Сөйлеуді Сөйлеу психологиясы ғана емес, сонымен қатар психолингвистика, Сөйлеу физиологиясы, лингвистика, семиотика және басқа ғылымдар да зерттейді.