қоғамда қалыптасқан сөйлеу принциптері мен ережелеріне сай, белгілі бір мақсатта жүзеге асырылатын сөйлеу әрекеті; сөйлеу актісінің негізгі белгілері: әдейі және белгілі мақсатта айтылуы. Сөйлеу актісінің қатары «Дискурс» деп аталады. Зерттеушілер Сөйлеу актісінің адам өмірінде алатын орнын саралай келе былай дейді: «Сөйлеу – адамдардың арасындағы іс-әрекеттің бір түрі» (Гегель). Сөйлеу актісіне байланысты мәселелерге В.Гумбольд, Ш.Балли, С.Карцевский, Э.Бенвенист, М.Бахтин т.б. өздерінің лингвистикалық тұжырымдамаларында тоқталған, бірақ сөйлеу актісінің толық идеяларының әсерімен, тек лингвистикалық философия шеңберінде жасалған. Сөйлеу актісі теориясының негізін ағылшын философы Дж. Остинь қалаған. Сөйлеу актісіне қатысатындар сөйлеуші және адресант (тыңдаушы), бұлардың әрқайсысының әлеуметтік рөлі (қызметі) болады. Сөйлеу актісі құралына: қоршаған орта және әңгіменің арқауы болатын болмыстың бөлігі де енеді.