СӨЙЛЕСУ

lat: SÓILESÝ

Сөйлес етістігінің қимыл атауы.


Сөйлесуге, менімен сырласуға,

Шақырады, кім білсін, мұңдасуға.

Енді жете бергенде, ғайып болып,

Отырады басқа бір қыр басында (3,108).


Байеке, бәйгем қайда, атым келді. Бас бәйгені байлану қақымда енді. Бұғыбай нөкөрлерін жиып алып, Өзара сөйлесуді мақұл көрді (1,189).