СӨЙЛЕСУ

lat: SÓILESÝ

Сөйлес етістігінің қимыл атауы. Қасболаттың Қоспанмен жөндеп с ө й л е с у г е мұршасы болмады (Т.Ахтанов, Боран). Енді онымен с ө й л е с у д і ң реті жоқ (М.Мырзақұлов, Ақын). Қайтеді с ө й л е с у г е тіл де шорқақ. Мұндайда болып шықты ол да қорқақ. Барады кеудесіне сыймай жүрек, Қарады жан-жағына жалтақ-жалтақ (Т.Молдағалиев, Шақырады.).