з а т. 1. Адамның ой-пікірі, көзқарасы. Білімдіден шыққан с ө з Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге Көкірегінде болсын көз (Абай, Тол. жин.). Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған. Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына с ө з қалдырған (Абай, Тол. жин.). 2. л и н г в. Белгілі бір мағынасы бар заттар мен құбылыстардың атауын білдіретін тілдің негізгі бірлігі. Айтылуда метр деген де, литр деген де – екі буынды с ө з (Қазіргі қаз. тілі). Әр ұғым жеке с ө з д е р д е н тұрады. Сондықтан ұғым мен с ө з бір деуге болады (М.Мұқанов, Пед. очерк.). Ауыздан шыққан мағынасы бар дыбыстың бәрін с ө з дейміз; әдебиет – «әдеб» деген сөзден алынса да, бұл уақытта мағынасы тереңдеп, күллі сөйленіп жүрген сөзді сіңіріп бара жатыр («Абай»). 2. Бір нәрсе жайында айтылған әңгіме. Айта жүрсін с ө з і м д і Әңгіме ғып маңайым (Жамбыл, Шығ. жин.). Жангелдінің зарланып, Сондағы айтқан с ө з і еді: «Отызға жасым жеткенше, Байдың малы баққаным. Шаңқай түсте шалдығып, Байдың шөбі шапқаным» (О.Шипин, Дастан.). Кәрілік қартайғанда көзден келер, Белгісі алжығанның с ө з д е н келер. Сыртылдап буындарың ебі кетіп, Белгісі аяқ жақта тезден келер (Шал ақын, Шығ.). 3. Жиналыста көпшілікке қаратыла айтылатын пікір, мәлімдеме, деректі ақпар. Президиумның құрметті мүшелері сайланып болғаннан кейін облыстық партия комитетінің бірінші секретары қысқаша с ө з сөйледі (М.Дүзенов, Әке.). С ө з сөйлеу – өнер. Сөйлер аудитория, шығар мінбе қандай, осыны ескерген жөн (К.Қазыбаев, Дәуір.). 4. Әнге арналған өлең мәтіні. Ән с ө з і әркімге аудармасыз-ақ түсінікті сияқты (С.Сейітов, Сөз сұра.).