СӨЗ БОСТАНДЫҒЫ

lat: SÓZ BOSTANDYǴY

қызмет бостандығының маңызды әлеуметтік-шығармашылық мәселесі, оны үш жақты қарастыру керек: экономикалық, заңдық және әлеуметтік-шығармашылық. Сөз бостандығы мәселесі баспасөздің пайда болуымен байланысты туындады. Сондықтан ғасырлар бойы баспасөз бостандығы туралы пікір-таластар өзекті әрі маңызды болып келеді. Даму барысында қандай да бір әлеуметтік күш өзіне толық бостандықты талап етуі мүмкін әрі кез келген шынайы және болжамды қысым оларға қатты әсер етеді.