СӨЗ ҺƏМ БУЫНДАР

lat: SÓZ HÁM BÝYNDAR

А.Байтұрсынұлы «Сөз дыбыстың мағыналы болып тізілгені. Сөз айту дыбысты ауызбен тізу. Сөз жазу дыбыстардың белгісін қағаз бетіне тізу» деп, сөздің айтылатынын жəне жазылатынын көрсетеді. Басқаша айтқанда сөз дыбыстардың мағыналы тіркесі. Дыбыстардың мағыналы тіркесі ғана сөз болады. Байтұрсынұлы буын түрлерін былай деп анықтайды: буыншы əріп басқалардың ортасында қамауда тұрса, ол буынға «бітеу» деп ат қойыңдар; буын аяғы буыншы əріпке тірелсе, ол буынға «ашық» деп ат қойыңдар; буын буыншыдан басқа əріпке тірелсе, ол буынға «тұйық» деп ат қойыңдар. Бүгінгі буын түрлерінің анықтамасы Байтұрсынұлынан басталған. Байтұрсынұлының буыншы деп отырғаны дауысты дыбыс, яғни буынқұрауыш дыбыс: дауыссыздан басталып дауыссызға бітсе бітеу буын, дауыссыздан басталып дауыстыға бітсе ашық буын, дауыстыдан басталып дауыссызға бітсе тұйық буын болып шығады деп, бүгінгі буын анықтамалары Байтұрсынұлын қайталап отыр.