1. Ауызекі және жазба әдеби тілдің нормаларын (айтылу, екпін, сөз саптау, грамматика, стилистика ережелерін) игеру. Сөйлеудің мақсаты мен мазмұнына байланысты тілдің көркемдік құралдарын пайдалана білу;
2. Тілді мәдениет ретінде қарастырып, оны дамыту үшін нормаларды қарастыру мәселерімен айналысатын тіл білімінің саласы. Шетелдік лингвистикада жалпы мағынасында «Тіл мәдениеті» деген термин қолданылады. Әдеби тілді игеруді екі сатыға бөліп қарастырған жөн: дұрыс сөйлеу, яғни әдеби нормаларды ұстану және шешендік өнер, яғни бірнеше варианттан мағынаны дәл беретін стилистикасы мен айтылуы орынды болатын сөздерді таңдай білу. Жоғары сөз мәдениетін игеру үшін адамның жалпы мәдениеті де, тілге деген сүйіспеншілігі де жоғары болуы шарт.