СӨЗДІҢ ҮНДІ БОЛУЫ

lat: SÓZDİŃ ÚNDİ BOLÝY

дауысты дыбыстар көп келген сөз. А.Байтұрсынұлы «ұ», «ү», «і» дыбыстары дауысты болғанмен, үні аз екенін айтады. Ғалым əуезді сөз бен əуезсіз сөзді сипаттау үшін «шамалы» деген сөз бен «шанышқы» деген сөзді өзара салыстыра келіп, «шамалы» сөзі құлаққа жағымды екенін айтады да, оның себебін: «1) ішіндегі дыбыстардың бірі дауыссыз болғанда, екіншісі дауысты болып, реттеліп келіп тұрғанынан; 2) дауысты дыбыстар ішінде көп болғандықтан, сөздің үнді болып шыққанынан» деп түсіндіреді.