дауыссыз дыбыстар көп келген сөз. Сөз ішінде бұлар көп келгенде сөздің үні кем болып шығады жəне кей сөздің ішінде көп келеді де, кей сөздің ішінде аз келеді. Сөз əуезділігі жағынан мұның да мəні болады. Ғалым əуезді сөз бен əуезсіз сөзді сипаттау үшін «шамалы» деген сөз бен «шанышқы» деген сөзді өзара салыстыра келіп, «шанышқы» сөзі құлаққа жағымды болмайтынын ескертеді. Себебі «шанышқы» деген сөзде «1) дыбыстар реттеліп, бірі дауысты болғанда, екіншісі дауыссыз болып келіп отырған жоқ; 2) дауысты дыбыстары аз, сондықтан мұның үні жатық емес, мол да емес» екенін айтады. Яғни үні кем, жатық болмаған соң «шанышқы» сөзі құлаққа жағымсыз болып естілетінін ескертеді.