з а т. л и н г в. Белгілі бір мақсатты көздеп, алфавитке түсірілген, басқа тілге аударылған немесе мағынасы түсіндірілген сөздер жиынтығы, лұғат. С ө з д і к т е р мынадай қызмет атқарады: 1) атауыштық (сөздіктегі сөздер бір нәрсені атайды), 2) есепке алушылық (сөздерді тіркейді, сақтайды және басқаларға жеткізеді), 3) информациялық (бір нәрсе туралы хабар береді), 4) нормативтік (сөздердің дұрыс мағыналары мен дұрыс қолданыстарын көрсетеді), 5) коммуникативтік, яғни қатынас құралы қызметі (сөздіктер арқылы бір халық екіншісі халықпен тілдесе алады) (Қаз. тілі энцикл.). Ең алғашқы с ө з д і к т і біздің заманымыздан бұрын, V ғасырда ертедегі гректер құрастырған (Ғалам. ғажап.). С ө з д і к – белгілі бір тілдің сөздік құрамындағы жалпы я белгілі бір саласындағы жеке сөздердің алфавиттік тәртіппен тізіліп, жүйеге түскен түрі (Қазіргі қаз. тілі).