СӨЗДЕРДІҢ ЖАЛПЫЛЫҚ МАҒЫНАСЫ

lat: SÓZDERDİŃ JALPYLYQ MAǴYNASY

Тіліміздегі сөздердің қолданылу дәрежесі бірдей емес. Ат, ағаш, тау, тас, көк сөздері белгілі мағынаға ие болғандыңтан, толық мәнді сөздер деп аталады. Бірақта ол сөздер жалпы ұғымды білдіреді, конкретті, деректі заттардың атауы емес. Мәселен, ағаш сөзінен жалпы ағашты яки ағаштың өзін елестетеміз. Алайда ол тас, су, шөп деген ұғымдармен байланыспай, жалпы ағаш атаулыны қамтиды.