сын. 1 . Аяулы, қалаулы, ардақты, қымбатты (жар). Сен сүйікті едің... Сүйіктісің! Сені көріп тағы да күйікті ішім. Мен шыға алмас шың едің, шын бақытым, Әлі де биікпісің? Биікпісің?! (3,228). Сүйкімдіңе сүйікті бол, сүйісе бер, Сүйкімдің де дәл өзіңдей сүйсе егер. Жастық дейтін – ән, салтанат, күй-шебер, Жаратпайды ол жаман саусақ тисе егер! (4,203). 2 . Қадірлі, қастерлі, құрметті сыйлы (адам). Күрсінерге жоқ дәрмен, қатып қалды төрт таған, «Неге бұлай қарайсың, сүйікті әке», – деп маған, Ансельмучто сұрады, күңіренді төрт балам (5,157). Елдің бәрі де ең сүйікті адамын жерлеуге бара жатқандай (4,190). 3 . Сүйкімді, тартымды, бағалы (нәрсе). Сулысайдың есен бе киіктері? (Киіктері неғылған сүйікті еді!) Тәкаппар тау қыраны тірі ме әлі, Бар ма ұясы шыңырау биіктегі? (2,341). Аман ба екен ақиық қырандары, Асқарында шақырған ұларлары. Тастары да тауымның сүйікті еді, Тағылары жүр ме екен, киіктері (3,161).