СҮЙІКТІ

lat: SÚIİKTİ

(пар. сугли سوگلي)   

1. Жақсы көретін, ұнататын.

Падишаһтың сүйікті атын бауыздаңыз, Бір ақылды айтарсыз оған, деді («Қисса қырық уәзір». Бабалар сөзі. 8-том. 2004. 100 томдық).

2. Ұнамды, жағымды, жақсы.

Келіннің бек әдепті болды өзі, Сүйікті болды жұртқа һәр мінезі («Хикаят Сәлімжан». Бабалар сөзі. 5-том. 2004. 100 томдық).

Сияғына қарасаң, Құбығұл бала сүйіктіҚұбығұл». Бабалар сөзі. 52-том. 2008. 100 томдық).

3. Қымбатты, қадірлі.

Хазірет Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли Арыслан, Сүйікті сол төртеуін кәміл қосты («Әмірзада». Бабалар сөзі. 21-том. 2005. 100 томдық).

Сүйікті Пайғамбардың перзенті едің, Фатима, жәрдем бергін, мұшапақ анам («Қисса Шаһизинда». Бабалар сөзі. 10-том. 2004. 100 томдық).

Хақ дінге кірген адам сүйікті боп, Бабам шапағат қылады соған, дейді («Әзірет Әлидің соғысы». Бабалар сөзі. 15-том. 2005. 100 томдық).

4. Ғашық, сүйетін жан.

Фатима, шын сүйікті халал жарым, Хұсайын, Хасен менен балаларым («Қисса Шаһизинда». Бабалар сөзі. 10-том. 2004. 100 томдық).