СҮЙІКТІ

lat: SÚIİKTİ

с ы н. Қымбатты, аяулы, ардақты. Осы уақыттың бәрінде ол әйеліне жақсы жар, балаларына с ү й і к т і әке болды (Р. Тоқтаров, Тұлпар.). Түн баласы... Түн жолына түскен ол, Сақаусың деп Мұса тілін кескен ол, Тәңірінің с ү й і к т і ұлы Айсаның Тітіркенбей ұрттап қанын ішкен ол (М.Жұмабаев, Шығ.). «С ү й і к т і м Балқия, мені сүйгенің рас болса, енді көп ойлағанды қой (М. Дулатов, Шығ.). С ү й і к т і тәте, қош боп тұр, Әркім тәуір көреді Алманың тәтті қызылын (Қ.Жапсарбаев, Сөйле.). // Өзіне ыстық, қымбат адам. Жүреді с ү й і к т і с і н мақтап әркім, Өзіңнен талай-талай хаттар алдым. Сен маған жайдың аппақ көңіліңді, Кіршіксіз мақтасындай Мақтааралдың (М.Шаханов, Ғасырлар.). 2. Ерекше қастерлі, қадірлі (ел, жер). С ү й і к т і Отаны үшін ерлікпен қаза тапқан Қаби Халиуллиннің есімі совет адамдарының есінде мәңгі сақталады (Б.Жетпісбаев, Жорық.). Ардақтай берер с ү й і к т і ел, Ардақтау сені парыз боп. Батырлық тұлғаң биіктер, Бұрыннан бетер аңыз боп (С.Мәуленов, Алыс кет.). Кеткен аспан жайдағыдан биіктеп, Даланың да көркі неткен с ү й і к т і ед! Гүлдер-қыздар жұпар шашып тұрғандай Мына тойға бар асылын киіп кеп (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ). 3. Елге құрметті, қалаулы, сыйлы. Қазақстан еліңе, Туып, өскен жеріңе С ү й і к т і болдың, Мәлігім! Құрметпенен отырдың Астананың төріне (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Біреу сыйлар с ү й і к т і ақыным деп, Біреу қимас қымбатты жақыным деп. Мен не дейін? Бұл күнде аулақ жүрсе, Дос болғандар биікте әкімім деп (К.Салықов, Жезкиік). 4. Бағалы, артық, қымбат. Маздақ жыры қашанда тойға дайын, Ойға алайын, тағы бір ойланайын. О с ү й і к т і нұрлы өмір, мүмкінсізді, Мүмкін еткен күшіңнен айналайын! (М.Шаханов, Ғасырлар.). Талмас қанат, Алмас қылыш иықты, Маған ылғи аңсататын биікті, Тіпті жалғыз інім өлген кезде де Ұмыттырған кеудемдегі күйікті Бүркітімді жоғалттым ең с ү й і к т і (М.Шаханов, Ғасырлар.). 5. Биік, ғажап, асқақ. Сұлудың көңілінде көп ұйықтадым, Көп айттым махаббаттың с ү й і к т і әнін. Өтемін мен де өтемін бұ дүниеден, Кетемін қалай соның қиып бәрін (Т.Молдағалиев, Шақырады.).