зат. эмоц. Сүйген жарым: аяулым, ардақтым, қымбаттым . Қинама мені. Айтсайшы маған, сүйіктім ? Адасып жүрген лағымысың киіктің? Айтсайшы, қалқам, бұлағымысың әлде сен, Бұрқанып жатқан мендегі теңіз-күйіктің? (1,155). Көп нәрсені сезіппін, сезіппін де, түйіппін. Біреулерден жеркеніп, біреулерді сүйіппін. Біреулерден аласа, біреулерден биікпін. Ақыры кеп, ат басын саған бұрдым, сүйіктім (2,217).