СҮЙЕКТІ

lat: SÚIEKTİ

с ы н. 1. Әүйектен тұратын, сүйегі бар. Балықтардың қаңқа құрылысына байланысты шеміршекті және с ү й е к т і балықтар болып екі топқа жіктелетіні мәлім (Қ.Қайымов, Әуасты әлемінің айнасы). 2. Сүйегі ірі, еңгезердей. Қаншама ауру болса да, жастайынан ірі, с ү й е к т і. Жөкең күні бүгінге дейін ешкімге сыр бермей келген (Қ.Мұханбетқалиев, Жұлдызды түн.). Кенже қызының өзіне тартқан с ү й е к т і, қарулы болатынын дене бітімінен білетін (С.Бақбергенов, Қайран шешем). 3. Дәні қатты қабықпен қапталған. 4. Сүйекпен әсемделген. Құрманбек шебердің істеген с ү й е к т і асадалы бөлшектері мен ағашын қоса есептегенде, 96 бөлектен тұрады (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері).