Сүйсін етістігінің қимыл атауы; разы болу, ұнату, таңдану. Алақанын аямай соққан Құралайдың Кенжебекке қадала қараған көзінде с ү й с і н у бар (Н.Сералиев, Қаңтар). Маған тіпті керегі жоқ мақтаудың. Әсіресе, ақталудың, Ақтаудың! (Орны бөлек с ү й с і н у д і ң, сүюдің. Орны бөлек жақсы жырды жаттаудың!) (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан). Біреуіңнің арманыңнан шошып ем, Бірің, міне, еттің лезде мәз-мейрам. Бірің үшін күрсінумен өтермін, Бірің үшін с ү й с і н у м е н өтермін (М.Шаханов, Ғасырлар.).