СҮРГІН

lat: SÚRGİN

з а т. 1. Неше түрлі азабы көп әуресарсаң, қыспақ, қым-қуыт сергелдең; қуғын. О, шіркін, емес еді-ау осал ағаң, Кезі жоқ көп екен деп, жау санаған. Үш жылдай ұлы с ү р г і н, қанды айқаста Жеңілмей, елу мың қол асыраған (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ). Ол үйде бұрын топырлап жататын қонақ, әнеугі с ү р г і н н е н кейін азайып, соңғы кейбір күндерде атымен болмай қалған (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). Орыстың с ү р г і н г е айдалып келген революционері, Чернышевский мен Добролюбовтың ізбасары Е. П. Михаэлиспен Абай осында танысады (М.Қаратаев, Туған әдеб.). 2. Қарбалас шақ. Төл алудың с ү р г і н і саябырсыған, енді там-тұмдап қана қоздап жатқан (Н.Серәлиев, Құм адам.). 3. ж а ң а. Табиғат апаты, өзгерісатаклизм). Бодандық пен тоталитаризм кезеңінде табиғат байлығы қорқаулық пен тоналып, эконмика жүйеге бейімделген дәстүрлі шаруашылық зорлықпен өзгертіліп, 1949–1989 жылдар аралығында 500-дей атом және сутегі бомбалары сыналып, қазақ даласы экологиялық с ү р г і н г еатаклизм) ұшырады («Жас Алаш»).