зат. 1 . Ананың сүт безінен бөлінетін, нәрестесі үшін қоректік маңызы зор, ақ түсті сұйық зат . Қос бұлақ ағып төсінен, Аузыма келді тәтті сүт . Сол сүтті еміп өсіп ем, Жетектеп бақыт, зор үміт (1,26). Ана төсін аймалайды жас сәби, Аймалайды бір татым сүт таба алмай. Кедейліктің батпан зілі басқан үй, Кейіді кеп дертті, дімкәс адамдай (2,44). 2 . Малдың, жан-жануарлардың сүт безінен бөлінетін, адам үшін, төлі үшін қорек болатын ақ түсті сұйық зат . Жұтатұғын жалмауыз жұттан да әрі, Есіңде ме сұрапыл сұқтанғаны? Болса талқан, болмаса бір уыс дән, Бір шыны сүт , ал басқа түк қалмады (1,292). Ал сен болсаң, он жыл оқып, енді талқан мен сүтті қимай, қойшы болайын деген ниетің бар көрінеді (4,135).