з а т. 1. Төлдеген малдың т.б. сүтқоректі жануарлардың сүт бездерінен бөлінетін түсі ақ, төлі үшін қоректік маңызы зор сұйықтық. Жер мақтасына кендірін, жемісін, кенін, гүлдер гүлін; құстар жүнін, етін, жұмыртқасын, хайуандар: етін, с ү т і н, күшін, көркін, терісін. – һәммасы адам баласының пайдасына жасалады (Абай, Тол. жин.). Үй хайуандары адамға көп пайда келтіреді. Жылқыға мінеді, арба, шанаға жегеді, с ү т і н е н қымыз ашытады. Семіздерін қысты күні соғымға сояды, терісін сатып ақша қылады (М.Дулатов, Шығ.). 2. б и о л. Босанған ананың, бала емізетін ананың сүт безінен бөлінетін, нәресте үшін қоректік маңызы зор секрециялық сұйық зат. Ана с ү т і н і ң құрамы сәбиге қажетті қоректік заттар, гормондар (әсіресе, қалқанша бездің гормоны), ферменттер, белоктар, көмірсулар мен витаминдерге бай болғандықтан, сәбидің организмі оны жақсы сіңіреді (ҚҰЭ). Бастапқы кезде балаға ең дұрыс тамақ – ананың с ү т і. Сүттің ішінде денеге керек тамақ заттарының бәрі бар (М.Жұмабаев, Шығ.). 3. Ішуге, пайдалануға дайын мал (сиыр) сүті. С ү т т і ң өзі және одан өндірілген өнімдер өте сіңімді және адам организмі үшін өте пайдалы тағам (ҚҰЭ). Пісірілген с ү т т і ыстықтай және салқындатып ішеді, шайға, көжеге қатады (Қаз. тілі термин. Тамақ.). Самал есті, даладан, сай жақтан ба?! Аппақ іңір тауларды ойлантқан ба? Аспанға с ү т әлдекім қайнатқан ба?! Кілегей тұр меймілдеп қаймақтанған (М.Мақатаев, Шығ.). Шайды азайтып с ү т ішсек, Жуытпай ма кеңеске? Бал қоймай-ақ, май қойсақ, Келген қонақ жемес пе? (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).