СҮТ

lat: SÚT

зат.Ананың, төлдеген малдың т. б. сүт қоректі жануарлардың емшегінен шығатын түсі ақ, қоректік маңызы зор сұйық зат.

«Осылар елдің тынышын алды бүгін, Бірдің нанын тіленіп, бірдің сүтін, Құдайым кезін берсе, күтіп жүріп, Ұялмай бәрін аштан өлтіретін» (А). Жер мақтасына кендірін, жемісін, кенін гүлдер гүлін; құстар жүнін, етін, жұмыртқасын, хайуандар: етін, сүтін, күшін, көркін, терісін. һәммасы адам баласының пайдасына жасалады (А.). Үй хайуандары адамға көп пайда келтіреді. Жылқыға мінеді, арба, шанаға жегеді, сүтінен қымыз ашытады. Семіздерін қысты күні соғымға сояды, терісін сатып ақша қылады (М.Дулатов, Шығ.). 

Шайды азайтып сүт ішсек,

Жуытпай ма кеңеске?

Бал қоймай-ақ, май қосақ,

Келген қонақ жеміс пе? (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Бастпақы кезде балаға ең дұрыс тамақ ананың сүті. Сүттің ішінде денеге керек тамақ заттарының бәрі бар (М.Жұмабаев, Шығ.).