СҮЗГІ

lat: SÚZGİ

з а т. с ө й л. 1. Сүзгіш. Сүтті тез сүзу мақсатымен с ү з г і н і қозғалтып, сүтті шайқай беру араласқан заттарды бөлшектеп, сүттегі бактериялардың арта түсуіне себепкер (З.Сейітов, Сүт. өңдеу.). Камфора майдың сұйық бөлегінен тоңазыту, с ү з г і д е н өткізу, преске салып сыру арқылы бөлінеді (С.Сұбханбердин, Өсімдік дәрі.). 2. ж е р г. Тесік ожау, шолпы. Ә ү з г і нан пісіруге қолданылады (Қазақ. тілі. аймақ. сөздігі). 3. Шәйнектен шайды кесеге құйғанда саманы ұстап қалатын сүзгіш құрал. Біздер с ү з г і болмаса, шай іше алмаймызазақ. тілі. аймақ. сөздігі). 4. т е х.ранц. filtre> Сұйықты немесе газды бөгде қатты қоспалардан тазалауға арналған қондырғы немесе зат. С ү з г і н і ң өте майда тесіктерінен сұйық пен газ өтеді де, қатты түйіршіктер онда қалып қояды. Мұндай с ү з г і л е р мақтаатадан, жүннен, тоқыма кенептен, шыпы талшықтардан және т.б. жасалады. (Қаз. тілі термин. Тамақ.). Өндірісте көпшілік жағдайда вакуум с ү з г і л е р және пресс-сүзгілер қолданылады. Вакуум сүзгілер барабанды және дискілі болып бөлінедіаз. тілі термин. Кен.). 5. т е х. Белгілі бір жиілікті дыбыстың, электрмагниттік толқындарды, кейбір сәулелерді өткізетін немесе тоқтататын аспап, құрылғы. Электр с ү з г і л е р түзеткіштерде, көп арналы байланыс жүйелерінде, радиоқұрылғыларда, автоматика, телемеханика құрылғыларында т.б. кеңінен қолданылады (ҚҰЭ).