СУҒАР

lat: SÝǴAR

ет. 1. Малға су беру, су ішкізу.


Тұр, ей! Тұр! Атты суғар ! Ана сиырдың астын тазала! ( 4,133).


2. Егінге су жаю, ылғалдандыру.


Келеді бастық көңілді,

Тоғанды бойлап жағалай.

Суғарып тастап егінді,

Бір қарт тұр Диқан бабадай (2,305).


Жалқау ма өзі бұ халық

Қарашы анау Кекілді.

Ала-құла суғарып,

Ашуымды келтірді ( 2,306).