СУҒАР

lat: SÝǴAR

е т. с ө й л. Суар. 1. Малға су беру. Малды уақтылы с у ғ а р ы п тұрған жақсы (Сақбергенов, Адам.). 2. Егінді суару, ылғалдандыру, суландыру. Біреулер кетпен шауып, егін с у ғ а р ы п жүр (Ғ.Тәшімбаев, Қос жүрек). Сусыз егін не шықсын, С у ғ а р, шыда азапқа. Дәмін алып ел ұқсын, Сонда ұмтылар тамаққа (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Ауыздықпен суғарды. Асығыс болғандықтан, атына ауыздығын алмай су ішкізді. С у ғ а р ы п а у ы з д ы қ п е н арғымағын Келеді көз ілеспей жүргеніне. Қайсыбірін айтайын, Бұл сапарда Ұлы жүз түгелінен қосылдыазанғап Байболұлы, Еңсегей бойлы.).