[лат. substantia] з а т. ф ил о с. Заттың біртұтастығының мәндік қасиетін, оның барлық өзгерістерінің негізін, себебін, тіршілік етуінің түп-тамырын білдіретін категория. Антикалық философияда ең алғаш с у б с т а н ц и я барлық заттардың негізінде жата- тын белгілі бір зат ретінде қарастырылады (ҚҰЭ). С у б с т а н ц и я – заттың, нәрсенің өзгермейтін мәні, мазмұны, ол қозғалыста біртұтас, оны ақылмен тануға болады (А.Көбесов, Математика.). Бір сөзбен айтқанда, субстанция біздіңше, материя ұғымын береді, ол акциденция – с у б с т а н ц и я н ы ң түрліше көрінісі (А.Көбесов, Математика.).