СУБСТАНЦИЯ

lat: SÝBSTANSIaÁ

[лат. substantia] зат. филос. Заттың біртұтастығының мәндік қасиетін, оның барлық өзгерістерінің негізін, себебін, тіршілік етуінің түп-тамырын білдіретін категория.

Антикалық философияда ең алғаш субстанция барлық заттардың негізінде жататын белгілі бір зат ретінде қарастырылады (ҚҰЭ).

Субстанция- заттың, нәрсенің өзгермейтін мәні, мазмұны, ол қозғалыста біртұтас, оны ақылмен тануға болады (А.Көбесов, Математика.).

Бір сөзбен айтқанда, субстанция біздіңше, материя ұғымын береді, ол акциденция - субстанцияның түрліше көрінісі (А.Көбесов, Математика.).