СУДЫР

lat: SÝDYR

з а т. 1. Бірдеменің сыбдыры; сылдыр, сыңғыр. Жанас әйелінің кіріп келгенін оның көйлегінің с у д ы р ы н а н білді (М.Дүйсенов, Ант). Көкте самғаған құс қанатының с у д ы р ы мен жерде жортқан ақ тұяғының дүбірі (З.Қабдолов, Сыр). 2. а у ы с. Іліп алары жоқ, тұрлаусыз, жылтыр сөздің иесі, жылпос. Тұрлауы жоқ кілең с у д ы р жылмаңға неғып сеніп тапсырасың малыңды (Б.Майлин, Шығ.). Нұрбақтың ісінде береке, сөзінде патуа жоқ, әдемілігі жылтыр жүзінде, с у д ы р майда сөзінде ғана (С.Байжанов, Сыр.).