е т. 1. Сыбдырау, сылдырау. Фекла қурап тұрған шөптің етегін, борсыған, қоңырсыған қиқымды ақтарып жүр. Қызыл иегіне жабысып қалған ерні қолындағы қу шөптей с у д ы р а п тұр (М.Жұмабаев, Шығ.). Желді күні жайқалып С у д ы р а й д ы жас құрақ (С.Сейітов, Жаңғырық). 2. а у ы с. Құрғақ бос сөйлеу, жылпылдау. Қызыл сөзбен құр с у д ы р а й д ы (О.Сәрсенбаев, Сағым). Сол уақытта үш әйел күбір-күбір сөйлескендей болып, с у д ы р а п үйден шыға жөнеледі (М.Жұмабаев, Шығ.).