СУИЦИД

lat: SÝISID

жан жүйесі қатты күйзелген күйде не психикалық аурудың салдарынан адамның өзін-өзі қол жұмсау өлтіру әрекеті; психикасын жаралайтын қиын жағдаяттардың ықпалымен өмірден өтудің ұғынылған түрдегі актісі; мұндайда адамның өз өмірі ең қымбат құндылық мәнін жоғалтады. Суицидтің себептері сан алуан және олар субъекттің жекебастық деформацияларымен, айналасындағы жағдайды жанын жаралағанымен ғана байланысты болмай, түп-тамыры қоғамның әлеуметтік-экономикалық және адамгершілік тұрғысынан ұйымдастырылуында да болуы мүмкін. Біздің елімізде және шетелдерде суицидке жол бермеу үшін арнаулы суицидологиялық қызметтер, «сенім телефондары» ұйымдастырылған.