(ағылш. suicide — өзін-өзі өлтіру) — жан жүйесі қатты күйзелген күйде не психикалық аурудың ықпалымен адам жасайтын өзін-өзі өлтіру әрекеті; психикасын жаралайтын киын жағдаяттардың ықпалымен өмірден өтудің ұғынылған түрдегі актісі; мұндайда адамның өз өмірі ең қымбат құндылық мәнін жоғалтады. Суицидтің себептері сан алуан және олар субъектінің жекебастық деформацияларымен, айналасындағы жағдайдың жанын жаралағанымен ғана байланысты болмай, түп-тамыры қоғамның әлеуметтік-экономикалық және адамгершілік тұрғысынан ұйымдастырылуында да болуы мүмкін. Біздің елімізде және шетелдерде суицидке жол бермеу үшін арнаулы суицидологиялық қызметтер, “сенім телефондары” ұйымдастырылған.