с у ш а р. Суландыр етістігінің қимыл атауы.//Ылғалы жеткіліксіз егін алабына су жеткізу, оның топырақтың өнім өсетін қыртысындағы қорын көбейту шаралары, мелиорацияның бір түрі. Соңғы кезде Хасен жерді с у л а н д ы р у жоспарын ойлай бастаған (I.Есенберлин, Көлеңке.). Қазақстанның далаларын с у л а н д ы р у, ағаш өсіру, кендір егу жұмыстарына ғылыми көмек көрсету – академия коллективі алдындағы аса маңызды міндеттердің бірі (Қ.Сәтбаев, Қазақстан.). Адам су ресурстарын есептеп бөлуді, ірі өзендердің ағысын өзгертуді, орасан көлемді сусыз жерлерді с у л а н д ы р у д ы, өзендер ағысын бөгеттер салып тежеуді және реттеуді т.с.с. көптеген әрекеттерді жүзеге асыруда (Т.Қалыбеков, Экология.).