с ы н. 1. Суы молырақ, сулырақ; өзенк өлді. Қыстаудың сыртындағы с у л ы шіліктегі көлбақалар шулап жатыр. Бақ-бақ-бақ. Не дейді екен олар? Жан керек, жар керек, бала керек дей ме екен? Көл бойынан дамылсыз: «Құдірет-ау, Құдірет-ау» деген дауыс естіледі (М.Жұмабаев, Шығ.). Тегінде, Сырдария, Амудария бойлары дүниежүзінің үлкен өзендері Ніл, Тигр, Евфрат, Инд, Ганг, Прамаптур, Янцзы, Хуанхэ тағы басқалар сияқты ертеден-ақ адам баласы мекендеп, экономикасы мен мәдениетін дамытқан с у л ы-нулы аймақтар болған (Н.Баяндин, Атамекен). Сол баяғы с у л ы сай жота-жота, Қойың қаптап барады жоталата. Сәлем бердік, съездің делегаты, Ассалаумағалейкүм, шопан ата! (М.Мақатаев, Шығ.). 2. Дымқыл, ылғалды. Маңдайына с у л ы шүберек басып, ежесі отыр қасында (Қ.Жұмаділов, Көкейкесті). Күректің с у л ы топыраққа кіріш-кіріш кіргені анық естіледі (Ж.Нәжімеденов, Кішкентай.). Ақ будан с у л ы жіп өрген, Аспанда сиқыр түрі көп. Тамшыны бүйтіп жіберген Табиғат дейтін құдірет (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).