СУЛЫҚ

lat: SÝLYQ

з а т. Қолдың суын сүртетін орамал. Ақмарал ұзын ақ с у л ы қ п е н аузын сүртті (З.Шашкин, Теміртау). Бейсенбайдың с у л ы ғ ы әбден кірлеп, сауыс болып қатып қалған (Ғ.Мүсірепов, Суреткер.). Ас келер алдында және астан кейін міндетті түрде қол, ауыз шайылып, с у л ы қ п е н сүртіледі (Д.Қатран, Қазақ. асағам.).