СУПЕРФОСФАТ

lat: SÝPERFOSFAT

з а т. х и м. Негізінен фосфордан тұратын химиялық тыңайтқыш. Әрбір гектарға 34 қарашірікке 3 центнер с у п е р ф о с ф а т араластырылып шашылады (М.Ерлепесов, Суармалы егін.). Қазақ ССР-нің Ғылым академиясы күкірт қышқылын қолданбай-ақ с у п е р ф о с ф а т т а н кем соқпайтын фосфорлы тыңайтқыш термофосфат алудың жаңа неғұрлым тиімді тәсілін тапты (Қ.Сәтбаев, Қазақстан.). Қаратау фосфоритінің қоры өте көп, міне, осыған байланысты бізде ірі с у п е р ф о с ф а т әрі термофосфат өндіретін жаңа зауыттар салу туралы мәселе қоюдың мезгілі жеткен сияқты (Қ.Сәтбаев, Қазақстан.).