СУРЕТ

lat: SÝRET

(ар. сурат صورة)   

1. Қағазға салынған бейне, кескін.

Со суретті көріп асық болып, Не қыларын білмеймін деп, сасқан екен («Сейпілмәлік». Бабалар сөзі. 17-том. 2005. 100 томдық).

Ішінде бір суретті көріп едім, Көрген соң оған асық болып едім («Сейпілмәлік». Бабалар сөзі. 17-том. 2005. 100 томдық).

Қараса Ләйлі, Мәжнүн суреті екен, Ғажаптап бірнеше адам қарап тұрды («Қисса Ләйлі Мәжнүн». Бабалар сөзі. 19-том. 2005. 100 томдық).

Сурет түзу сурет салу.

Шаһ әулие бір махбүблі сурет түзді, Толған айға ұқсаған бір қыз қылды («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 14-том. 2005. 100 томдық).

2. Кескін, түр.

Ғазап қылмақ тілесе ғасы құлға, Доңыздың айналдырар суретіне («Дақайық Ал-Ахбардан адамның суреті». М.Жүсіп, ІІ-том, 2003).

Барынша айтып бақтым суретін , Кебек ердің Еңлік қыз асығы осыЕңлік-Кебек». Дастандар, 1960).

Өліп қалған жансызға дұға оқып, Тілесем, һәр суретке кірем, деді («Қисса қырық уәзір». Бабалар сөзі. 8-том. 2004. 100 томдық).

Бағзысы доңыз суретті шіркін көрді, Қоқысы нәжістен сасық көрді («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 14-том. 2005. 100 томдық).

Бетінен суреті кету жүдеп-жадау.

Бетімнен кетіп суретім, Жүзімнен кетіп әуретім («Қыз Жібек» (Қаршыға нұсқасы). Бабалар сөзі. 53-том. 2009. 100 томдық).