СУРЕТ

lat: SÝRET /35/

зат. 1. Біреудің немесе бір нәрсенің фотоаппарат арқылы түсірілген бейнесі; фотосурет.


Суретін көр де, өзің көр,

Қайтесің, қалқам, айнаны.

Оянсын небір сезімдер,

Ойыңа түсіп қайдағы (2,206).


Үстел үстіндегі Манастың суретіне тесіле қарады (4,156).


2. Қарындашпен немесе түрлі түсті бояумен салынған бейне, кескен, кейіп.


Картинаны көкке ұшырдық, картинаны құптадық, Әйтсе дағы суретшінің көңілінен шықпадық. Көңілінен шыға алмадық, өрісіміз тар екен, бұл суреттің біз білмейтін өз тарихы бар екен (1,306).


Мына бір сурет «Махаббат» деп аталыпты. Әр түсті бояу қарындаштармен салынған (4,143).