СУРЕТШІ

lat: SÝRETSHİ

з а т. 1. Бояу, қарындашпен бейнелеу өнерінің туындысын, сурет салуға маманданған адам. Американ с у р е т ш і с і С.Сардженттің Пазырық кереметін көрген соң айтқан: «Итальян Ренессансының бүкіл живописі иран кілемінің бір қиығына татымайды!» деген (С.Абдрахманов, Елдік сыны). Мына бояулар қай с у р е т ш і н і ң қолынан өтті екен? (Қ.Найманбаев, Үміт.). Портретін көрмейді кісі күнде, Болады оны ұғуға, түсінуге «Суретімді салды, деп, бір с у р е т ш і», Бір қуаныш ойнап жүр пішінінде (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә). С у р е т ш і, артист, күйші, жазушылар Сайраған ұлы Отанда бұлбұл тілші. Өрлеген өнерпаздық өмірімде, Маржандай көкірегімнен жыр төгілші (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). 2. а у ы с. Көркемсөз шебері. Жазушы да с у р е т ш і. Жақсы с у р е т ш і адамның сыртқы түрін айтпай сала білсе, жақсы жазушы да адамның ішкі сырын, мінезін, әдетін бұлжытпай көрсете біледі, оқығанын да көріп тұрғандай боласың (М.Дулатов, Шығ.). Тулаған толқындай боп жел өтінде, Өткен күн өтеді алдан тербетіле. Сол күннің с у р е т ш і с і Мұхтар аға, Көз тіккен бүгін әлем келбетіне (С.Мәуленов, Алыс кет.).