СУСЫН

lat: SÝSYN

зат. Шөлін қандыратын сұйық тағам.


Бір жұтым сусын бір тәулік бойғы қорегі,

Ауа жетпейді-ау, кеудесін сипай береді.

Демі таусылып, әлсіреп бара жатқанда,

Сыбырлап әзер ғазиз жан былай деп еді:

«Кім ұрлап кетті, кім ұрлап кетті ауамды?» (3,244).


Ол күркешігіне барып, кетпенін сүйей салды да, торсығынан сусын жұтты (4,185).