СУСЫН

lat: SÝSYN

з а т. 1. Шөлді қандыратын сұйық тағам. Айдын көл, ата қоныс, құт болған көл, С у с ы н боп сұрағанға, от болған көл. Кеше бірлік, ынтымақ түгел шақта Бейне бір сенің басың сүт болған көл (М.Жұмабаев, Шығ.). Олай емес, ойласаң, талай мін бар, Бұрын шын, қаталы шын, анық шын бар. У берді ме с у с ы н деп, су берді ме, Көзің жұм да жұта бер деген кім бар? (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). С у с ы н ғ а жолаушылар жармасады, Долларға теңге, тиын алмасады. Қара көз, қара мойыл Жап-жас қыздар Сатып жүр құшақ-құшақ колбасаны (К.Салықов, Жезкиік). Қаңсыған шөлдеп жолаушым, Қайырылып бізге түсе кет. Қажыған, мүмкін, боларсың, Қатықтан с у с ы н іше кет (М.Мақатаев, Шығ.). 2. а у ы с. Ішімдік, арақ-шарап. Жүрегімнің көзін талай жас жуды, Ойсыраған орманындай түбірдің. Атам асы боп көрмеген с у с ы н д ы Мен де ақымақ, шығармын деп сімірдім (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).