е т. 1. Шөлін, сусынын басу. Азырақ ат тынықтырып, с у с ы н д а п алам да жүрем (С.Бегалин, Замана.). Оразаларыңды ашып, с у с ы н д а п алыңдар (Т.Дәуренбеков, Кездес. осы). 2. а у ы с. Білім алу, нәр алу. Алматыға келіп білім нәріне с у с ы н д а п, Жезқазғаннан еңбек бақытын тапты (Өнегелі өмір). Ақыл-ойға сыймайтын, өнерге жуыспайтын бос сандырақ болса, қоя салармыз, әйтпесе кім біледі, ақылыңыз с у с ы н д а р, қанағат алар, шеше алмай жүрген жұмбағыңыз шешілуге бұ кітап себепші болар (Ж.Аймауытов, Шығ.). Қияда көп с у с ы н д а п білім кенін, Қатарға ақын-кенші ілінгенім, Жез қазып, өлең жазып, саз төгілтсем, Жасымнан Ақан сері пірім менің (К.Салықов, Жезкиік). 3. а у ы с. Құмарын қандыру, құшырлану. Есілге қонды аққу, қаз Ақ қанат сылқым сусылдап. Жағада тұрып болдым мәз, Аңсаған әннен с у с ы н д а п (К.Салықов, Жезкиік).