з а т. х и м. <лат. hydrogenium> Оттегімен қосылып, су түзетін түссіз, иіссіз жеңіл газ; рет нөмірі 1, массалық сандары 1–4-ке дейін 4 изотопы белгілі химиялық элемент. Судың молекуласы екі атом с у т е г і мен бір атом оттегінен тұратыны белгілі (Ж.Жатқанбаев, Су.). Қатты қысымдағы оттегі мен с у т е г і н і ң қосылысынан туған жану температурасы – 2900°С («Білім және еңбек»). Ал күндегі с у т е г і н і ң мөлшері 50 процентке жуық, демек, ондағы сутегінің қоры өте мол (М.Құдайқұлов, Ғылым. дін. тур.). Батпақ топырағында оттегі жоқ деуге де болады, ал бірақ ондағы метан 70%, көмір қышқыл газы 10% шамасында, H2S – 2%, азот 17% және с у т е г і 1% болады (Табиғат сулары.).