СУВЕРЕНИТЕТ

lat: SÝVERENITET

з а т. қ о ғ.-с а я с и. Егемендік (ішкі істерге мемлекеттің ешкімге тәуелді болмауы және сыртқы саясат жүргізу еркінділігі). С у в е р е н и т е т елдің ішінде мемлекеттік биліктің үстемдік құруы және оның сыртқы саясат саласында ешкімге кіріптар болмауы; мемлекеттік биліктің егемендік қасиеті ретінде үстемдік пен тәуелсіздік оның саяси-құқықтық мәнін білдіреді (Заң термин. сөздігі). С у в е р е н и т е т мемлекеттің ұлттық тәуелсіздігі (Саяси сөздік).