ядролық жарылыс қуатының 40 проценті кететін зақымдаушы фактор. Негізгі көзі - отты шар (әуедегі жарылыста) немесе отты жарты шар (жердегі жарылыс кезінде), Қызуы күн сәулесінен ондаған есе қуатты. Отты шардың сәулесі шарпып, кейде өрт тудырады. Сондай-ақ ол қорғанбаған адамдарды, малдарды әр түрлі күйікке ұшыратады немесе біраз уақытқа көру қабілетінен айырады. Жарылыс жарқылын көрген мезетте-ақ таяу жердегі адамдар паналайтын орынға жасырыну керек. Егер ондай орындар жақын жерде болмаса, тасалы орынға тығылу немесе жерге етпетінен, бет-аузын жерге қарата, көзді жұмып жата қалған дұрыс.