СӘЙКЕССІЗДІК

lat: Sáıkessizdik

з а т. 1. Біріне-бірі дөп түспеушілік, сай келмеушілік, үйлеспеушілік. Талданып отырған үзіндіні әріп қуған сөзбе-сөз аударма тұрғысынан қарайтын болсаң, мұнда да бірсыпыра с ә й к е с с і з д і к т е р д і кездестіруге болады (М.Қаратаев, Туған әдеб.). 2. Қарамаайшылық, алшақтық, қайшылық. Өндіріс пен тұтыну арасындағы с ә й к е с с і з д і к т і жоюдың шаралары белгіленеді («Қаз. әдеб.»). Математика саласында ашылған жаңалықтардың көлемі мен олардың практикада қолданылуы арасында кейбір с ә й к е с с і з д і к бар, өйткені абстрактілі математика салаларындағы кейбір жаңалықтар осы уақытқа дейін практикада қолданылмай келеді (Ә.Нысанбаев, Қазіргі матем. мәселе.). Көп нәрсе алғашқы кезде жөнге келмей жатты, с ә й к е с с і з д і к пен түсініспеушілік те туған кездер болады («Қазақст. комм.»). 3. б и о л. Екі дарақ арасындағы жұптасудың қиындауы, ұрықтану үдерісінің жүрмеуі. С ә й к е с с і з д і к салдарынан гаметалардың қосылуы қиын болады да, ұрықтану процесі жүрмейдіаз. тілі термин. Биология). 4. и н ф. <ағыл. mismatcһ> Мәліметтердегі үлгімен салыстырғандағы теріс нәтиже. ~ С ә й к е с с і з д і к т е р жиыны.